Қарапайым тіршіліктен бастау алған үлкен іс
Жанар Петропавл қаласында дүниеге келді. Заңгер мамандығы бойынша жоғары білім алып, мемлекеттік құрылым мен драма театрында жұмыс істеп үлгеріпті. 2009 жылы тұрмысқа шығып, Қарағанды облысына көшіп барды. Балалары дүниеге келген соң қызметі отбасы мен үй шаруасына және ауылдың күнделікті күйбең тіршілігіне ауысты. Бүгінгі таңда Жанар төрт бала тәрбиелеп отыр және ауылда тұрып жатқанына он жеті жыл болып қалыпты. Қала өмірі оны ешқашан
қызықтырмаған екен.
Ауылда бұрын болмаған істі қолға алу
Сатып алушылар қайта оралып, өз таныстарына айтып, ірімшіктің жаңа түрлерін де үйренуді сұрай бастады. Жеке кәсіпкерлік жұмысының басталғанынан бір жыл өткен соң Жанар үйіндегі асүйдің өндіріс үшін тар бола түскенін түсінді. Ісін ары қарай дамыту үшін енді арнайы жабдықталған жеке үй-жай мен кәсіби құрал-сайман қажет болды.
Жеңіліп қалудан емес, өсуден қорқу
2022 жылы Жанар «Сыр өнімдері» жеке кәсіпкерлігін тіркеп, ісін енді бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік грантқа алғашқы рет өтінімін берді. Жобасы мақұлданып, ол шамамен 1,2 миллион теңге көлемінде грант иеленген еді.
Бес миллион - финал емес
Үйге жақын жердегі жұмыс
Уақыт өте келе ірімшік өндірісі жай ғана отбасылық кәсіп болудан қалды.
Жанарға қызметкерлер қажет болды.
Бірнеше жыл бұрын Жанардың өзі декларация рәсімдеу, өтінім дайындау және жобаны комиссия алдында қорғау жөнінде ештеңе білмейтін. Енді оның осы жолда жіберген қателіктері басқа кәсіпкерлерге бұл мәселенің бір бөлігін жеңілдетуге көмектесіп жүр.
Ауылдан көшіп кетпей, керісінше, адамдардың келуіне жағдай жасау
Аудармашы: Асем Азаматова